Аязға төзімді және мейірімді:
Қазақстанның Ақ бұқасы мен 2021 жылдың символы туралы бейнебаян

Аязға төзімді және мейірімді:Қазақстанның Ақ бұқасы мен 2021 жылдың символы туралы бейнебаян

2021 ЖЫЛЫ АҚ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТЫҢ ОРНЫНА АҚ БҰҚА КЕЛЕДІ. АСТРОЛОГТАР БҰЛ ҮЛКЕН ІСТЕР МЕН ОҚИҒАЛАР ЖЫЛЫ БОЛАДЫ ДЕП БОЛЖАЙДЫ. SPUTNIK ҚАЗАҚСТАН ТІЛШІЛЕРІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ АҚ БҰҚАНЫ ТАУЫП, ОНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ МЕН ӘДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ БІЛІП КЕЛДІ

Қазақстандағы ең ақ бұқа Қостанай облысында 28 жыл бұрын шығарылған Әулиекөл бұқа тұқымы болып табылады. Селекционерлерге бірден үш тұқымның ең жақсы қасиеттерін жинап, асыл ашық түсті ерекше тұқым жасау үшін 30 жыл қажет болды.

Әулиекөл тұқымы мәрмәр еті, ірі салмағы және жеңіл бұзаулауымен ерекшеленеді. Бұл тұқымның негізінде Солтүстік Қазақстанның қазіргі табиғи-климаттық және азықтық жағдайларына бейімделген қазақтың ақбас тұқымы, шароленің - бұлшықет массасының 24 айға дейін өсуінің жоғары ұзақ энергиясы, ал абердин-ангустың - бұзаулаудың жеңілдігі және еттің мәрмәрлілігі жатыр. Қазір мал өсірушілер үш түсті Әулиекөл тұқымын өсіреді - ақ, сұр және сұрғылт (тышқан түсті).

Селекционерлер жануарлардың мінезі бойынша да жұмыс атқарды. Әулиекөл бұқа тұқымы сабырлылығымен және мейірімді мінезімен ерекшеленеді. Жануарлар агрессивті емес және күтімі жағынан көпті талап етпейді.

Сонымен қатар, бұл тұқымның аналықтары жұмсақ мінезімен және қамқорлығымен ерекшеленеді. Анасыз қалған бұзаулар табында өзіне деген назар таба алады.

"Ақ бұқаның мінезі қандай? Көріп отырғаныңыздай, ақ бұқалар бар. Бұл жақсы бұқалар: осындай үлкен салмаққақарамастан, сабырлы, озбыр емес, ақкөңіл. Олардың қалай тамақтанатынын көріңіз... Барлықтарыңызға келер жылы мықты, дені сау болып, олар сияқты тойып жүруіңізді тілеймін", - деп Әулиекөл тұқымы бойынша Республикалық палатаның басшысы Нұрғали Бисекенов Sputnik Қазақстан тілшісімен бөлісті.

Шығыс мәдениетінде ақ түс тазалық пен әділеттілік жігерін береді. Жылдың символы көп жұмыс істеп, отбасылық ошақты қорғайтындарға қолдау болады.